СҚО-да төтенше жағдай режиміне байланысты енгізілген кей шектеулер жеңілдетілді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдай режиміне байланысты енгізілген кей шектеулер жеңілдетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдегі жағдайдың тұрақтануына байланысты облыс комендантының 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгертулер енгізілді. Яғни шектеу шаралары жеңілдетілді. Бұған дейін облыс аумағында этил спирті мен алкоголь өнімін сатуға тыйым салынса, енді сағат 12.00-ден 17.00-ге дейін сатуға рұқсат.

Сондай-ақ өңірдегі ойын-сауық мекемелерінің, дәмханалардың, мейрамханалардың, барлардың жұмысы сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін шектелсе, енді жұмыс уақыты 20.00-ге дейін ұзартылды. Сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындары алкоголь өнімін сағат 12.00-ден 17.00-ге дейін сата алады.

Бұған дейін өңірде төтенше жағдай режиміне қатысты енгізілген шектеуге қарамастан 7 дүкеннің арақ-шарапты сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтқан едік.


Соңғы жаңалықтар