СҚО-да төтенше жағдай режимін бұзған 85 адам ұсталды

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдай режимін бұзған 85 адам ұсталды, басым бөлігі коменданттық сағатты бұзған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде төтенше жағдай режимі жарияланғалы тәртіп сақшылары 85 адамды ұстады. Олар шектеулерді елемегендер, яғни басым бөлігі сағат 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілгеніне қарамастан көшеге шыққан.

Бұдан басқа өңірде уақытша спирттік ішімдіктерді сатуға тыйым салынған. Бірақ тексеру барысында Петропавлда арақ-шарап сатуды тоқтатпаған 5 сауда орны анықталды. Тағы Шал ақын ауданындағы екі дүкен заңды бұзып, спирттік өнімдерді саудалаған.

«Бұл шектеулер елде төтенше жағдай режимінің жариялануына байланысты енгізілді. Біздің өңірде жағдай тұрақты, тыныш, десек те құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін алдын алуымыз керек. Жалпы алғанда бұл уақытша шектеулерге халық түсіністік білдіріп жатыр. Өйткені қазіргі міндет қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету», - дейді СҚО коменданты Марат Төлебаев.


Соңғы жаңалықтар