СҚО-да төлемдердің жартысы интернет арқылы жасалады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - «Севказэнергосбыт» ЖШС базасындағы бірыңғай ақпараттық есептік орталыққа қосылған кәсіпорындар саны 70-тен асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өңірде «Қызылжар - адалдық алаңы» жобасы іске асырылуда. Ондағы мақсат - сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін көзқарас қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыру.

«Кеңсенің алдында тұрған басты міндеттердің бірі ретінде тұрғындарға қызмет көрсетуге, соның ішінде электронды форматтағы қызметтер бойынша барынша жақсы жағдай жасау қажеттігін айтуға болады. Облыста тұтынушылар коммуналдық қызметтердің ақысын төлеп, оларға мониторинг жүргізуге қолайлы жағдайлар жасалды», - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Облыс тұрғындары ай сайын әр коммуналдық қызметке қанша төлеу қажеттігі көрсетілген бірыңғай төлем құжатын алып отыр. Компания мәселесін айтып келген тұрғындарды сервис орталықтарында қабылдайды әрі олардың сұрақтарына байланыс орталықтарында телефон арқылы да жауап береді.

Департамент өкілдерінің сөзіне қарағанда, төлемдердің 50%-ынан астамы интернет арқылы төленіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар