СҚО-да танымал мемлекеттік қайраткер Бәйкен Әшімовтың мемориалдық тақтасы ашылды (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Есіл ауданының Покровка ауданындағы Жәлел Қизатов атындағы ауылшаруашылық колледжінде Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның танымал мемлекеттік және қоғамдық қайраткері Бәйкен Әшімұлы Әшімовтың мемориалдық тақтасының ашылу рәсімі өтті.

Ол 1935-1938 жылдары Жәлел Қизатов атындағы колледжде білім алған. Ол кезде бұл білім мекемесі Ленин агроном-зоотехникалық ауылшаруашылық техникумы деп аталған.

Ашылу рәсіміне қоғамдық қайраткерлер, мемлекеттік қызметкерлер, студенттер жиналды. Кездесуде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Анатолий Башмаков та болды.

Шараға қатысқан облыс әкімі Ерік Сұлтанов айтуынша, өмірі тұтас бір дәуірді қамтитын жандар да бар. Бәйкен Әшімов сондай адам болған. «Ол әрқашан халқының, елінің иығына түскен сынақтардың алдыңғы қатарында болды», -деді өз сөзінде аймақ басшысы.

Адамгершілік қасиеттері, білімі мен даналығының арқасында Бәйкен Әшімовты ұлы қазақ даласының ақсақалы деп атап кеткен.

Бәйкен Әшімов - Ұлы Отан соғысының ардагері, ұзақ жылдар бойы Министрлер Кеңесінің Төрағасы, одан кейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Төрағасы болып жұмыс істеген. Социалистік Еңбек Ері.

Бәйкен Әшімов Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бірнеше шақырылымының депутаты болған. Оның есімі құрметті азаматтар қатарына енді.

Байкен Әшімов 2010 жылдың 5 ақпанында қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар