СҚО-да табиғи ресурстар басқармасының жетекшісі тағайындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстанда облыс әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жетекшісі тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басқармаға басшы болып 53 жастағы Марат Ескендіров келді. Басқарманың жаңа басшысын облыс әкімдігінің мәжілісінде өңір басшысы Құмар Ақсақалов таныстырды.

М.Ескендіров Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы, Криовощекова ауылында туған. Қостанай ауыл шаруашылығы институтын және А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік университетін бітірген.

Мамандығы «Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы». «Заңгер».

Еңбек жолын 1983 жылы СҚО-ның Сергеев ауданындағы Ибраево ауылындағы ауыл шаруашылығы ұйымында жұмысшы болып бастаған.

Әртүрлі жылдарда Қостанай облысы бойынша салық комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы, бөлім бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Екібастұз, Павлодар қалалық салық басқармаларының бастығы қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ Қостанай облыстық Салық департаменті басшысының орынбасары, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру басқармасының жетекшісі болған.

2018 жылдан бері Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі аппаратында қызмет етті. Бүгінгі күнге дейін осы аудан әкімінің экономика және қаржы салаларындағы жедел мәселелер бойынша орынбасары қызметін атқарды.



Соңғы жаңалықтар