USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

СҚО-да суық тиіп ауырғандардың басым бөлігі - балалар

2021 жылғы 29 қараша 14:39
Бөлісіңіз:
СҚО-да суық тиіп ауырғандардың басым бөлігі - балалар

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында екі айдың ішінде 10 758 адам жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырды, тұмаумен ауырғандар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына карантин мерзімі бойынша өзгерістер енгізілді Қарағанды облысында шалғай ауылдарға мобильді дәріханалар қатынауда Дәріханаларда NaCl ерітіндісі тапшы: Алматы әкімдігі түсінік берді

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар саны бір аптаның ішінде 5 %-ға артты. Эпидемиологиялық маусым 1 қазан басталса, бүгінге дейін 10 758 адам ЖРВИ-мен дәрігерге қаралған. Тек өткен аптада суық тиіп ауырған 1,5 мың адам емханаға келген. Бұл оның алдындағы аптамен салыстырғанда 5 %-ға артық.

Ауырғандардың 685-і - 14 жасқа дейінгі балалар, 379-ы – 15 пен 29 жастағылар, 330-ы – 30 бен 64 жастағылар, 113-і – 65 жастан асқандар.

«ЖРВИ-мен ауырғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге өсіп отыр. Республиканың басқа өңірлерінде тұмаумен ауырудың 90 жағдайы тіркелді. Сондықтан да масканы дұрыс киіп, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау қажет. Ойын-тойларды азайтып, қарапайып гигиеналық талаптарды сақтаған жөн», - дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

СҚО-да 90 мың тұрғын тұмауға қарсы екпе алды, бұл өңірдің барлық халқының 16 %-ы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT