+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

СҚО-да супермаркеттерге тепловизорлар қойылып жатыр

2020 жылғы 7 сәуір 20:36
Бөлісіңіз:
СҚО-да супермаркеттерге тепловизорлар қойылып жатыр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында үлкен сауда орындарының кіреберістеріне тепловизорлар қойылып жатыр. Дене қызуы бар тұрғын супермаркетке кіргізілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов өңірде қауіпті індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында қолға алынған іс-шаралар жөнінде баяндады.

«Облыста кеше бір адам емделіп, үйіне жіберілді. Қазір ауруханада 24 науқас бар, жағдайлары бірқалыпты. Араларында ауыр науқастар жоқ.

Дегенмен, 10 орынға арналған жансақтау бөлімшесін дайындап қойдық. Оларға жасанды тыныс алу аппаратының 10-ын әзірледік. Жуырда жаңа 5 аппарат алдық. Барлығы облыс бойынша 74 аппарат бар. Дәрігерлеріміз үлкен жұмыс атқаруда. Оларға алғысымды білдіремін. Науқастарды емдейтін дәрігерлер жұмыстан кейін бірден қонақ үйге жеткізіледі. Далаға шықпайды, үйлеріне бармайды. Қонақ үйде дәрігерлерге барлық жағдай жасалған», - деді деді облыс әкімі «QYZYLJAR» телеарнасының тікелей эфирінде.

Облыста шектеу шаралары қатаңдатылды. Төтенше жағдай режимін бұзудың 88 дерегі анықталды. Оның 42-сінде тұрғындар қоғамдық орындарда қыдырып жүрген. 23-і қамалып, 32-сіне айыппұл салынды. Тағы 32-сінің ісі әкімшілік сотқа жіберілді.

«Бұған дейін ескерттік, енді қатаң шара қолданамыз. Қазір саяжайға барып, итті қыдыртатын уақыт емес. Отбасыларыңызбен бірге болыңыздар. Зейнеткерлерімізге вирус қауіпті екенін айтсақ та, көшеде жүрген қартарды көреміз. Айыппұл төлегілеріңіз келмесе үйде отырыңыздар», - деді Құмар Ақсақалов.

Петропавлдағы кәсіпорын-мекемелерге, ірі сауда орындарына тепловизорлар қойылып жатыр. Өңір басшысының айтуынша, дене қызуы барлар супермаркетке кіре алмайды. Мұндай жағдайда азық-түлікті үйге жеткізуге тапсырыс береді немесе волонтерлердің көмегіне жүгінуге болады.

Ал «Радуга» ЖШС дезинфекциялық туннельдерді жасауды қолға алды. Супермаркеттердің алдарына орнатылып жатқан құрылымдар кірген адамға препаратты автоматты түрде сеуіп, дезинфекциялайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT