СҚО-да суға тұншығып, ес-түссіз жатқан сәбиді шекарашы аман алып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Шекара қызметінің сарбазы суға тұншығып ес-түссіз жатқан баланы құтқарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 2021 жылғы 18 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қаратерек ауылында болған. ҰҚК Шекара қызметі Департаментінің әскери қызметшісі Айдын Тұрсынғазыұлы шекара аймағын аралау кезінде кішкентай баланың шыңғырған даусын естіген.

Бір тосын жағдайдың болғанын түсінген сарбаз бірден оқиға орнына жеткен және су толтырылып, жерге көмілген ыдысқа құлап кеткен екі жасар баланы көреді. Бала суға тұншығып ес-түссіз қалған.

«А.Тұрсынғазыұлы жасанды тыныс алу және жүрекке жанама массаж түрінде алғашқы медициналық көмек көрсеткен соң бала есін жиған. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты»,-делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар