USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

СҚО-да суармалы жерлер 5 мың гектарға дейін ұлғайтылмақ

2021 жылғы 29 қараша 14:17
Бөлісіңіз:
СҚО-да суармалы жерлер 5 мың гектарға дейін ұлғайтылмақ

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында қазіргі уақытта суармалы жерлер 1,9 мың га жуық болса, бірер жылда оның көлемі 5 мың га дейін ұлғайтылмақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да мектеп автобустарының техникалық жағдайы тексеріліп жатыр Петропавлдағы қаңғыбастардың басым бөлігі - тепсе темір үзетін жігіттер СҚО-да инфекциялық стационарлардағы сырқат саны соңғы он күнде 10 пайызға артты

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту ұлттық жобасына сәйкес өңір бойынша суармалы жерлерді бес мың га-ға дейін ұлғайту жоспарланған. Қазір ол 1 860 га құрайды. Олардың шамамен 70 %-ы осы мақсатқа қолданатын өзен-көлдер болмаса да Тайынша ауданында орналасқан.

Суармалы егістікті қолданып жүргендердің бірі – «Астық Stem» ЖШС шаруашылығы. 2010-шы жылы агроқұрылымның небары 20 га суармалы жері бар еді, қазір ол 670 га жетті. Шаруашылық алдағы жылдары суармалы жерлердің көлемін мың гектарға дейін жеткізуді жоспарлаған.

«Тіпті құрғақ жылдары да суару арқылы көкөністер мен картоптан жақсы өнім алуға болады. Көкөнісіміз елдің барлық дерлік аймақтарында сатылып келеді. Суару технологияларын біз жемшөп өндірісінде де қолданамыз. Нәтижесінде мал азығы сапалы, шырынды болып, жақсы нәтиже береді», - дейді шаруашылық басшысы Сергей Звольский.

Облыстық әкімдік отырысында суармалы егістік алқабын арттыру мәселесі айтылды. Иманбұрлық каналын қалыпқа келтірген жағдайда шаруашылықтардың 10 мың га алқабына суару технологиясын қолдануға болады. Ал «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша учаскелердің шекарасына дейін инженерлік коммуникацияларды, электр беру, су құбырын тартуға мүмкіндік бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT