СҚО-да су тасуының салдарынан 40 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Рузаевка ауылында адамдарды эвакуациялау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауылдың маңынан маусымдық Жем Барақ өзені ағып жатыр. Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жедел штаб жетекшісі Асқат Ержановтың ақпараттары бойынша, өзен ешқашан ешқайда құйған емес.

Биылғы жылы қардың қалың түсуінің салдарынан ағын су осы өзенге құйды.

«Таң ата 10 ауланы су басты, 44 тұрғын эвакуацияланды. Адамдар мен малдар көршілерге орналастырылды. Эвакуация жалғасуда. Су деңгейі әлі көтеріліп келеді, осы уақытта 30-40 үй су астында қалуы мүмкін. Арнайы жедел штаб құрылды, нақты ақпараттарды солар беріп отыратын болады. Рузаевка ауылының шетінде «Пиникер» ШҚ-ның жазғы қашасы бар. Қожалық иесі қашаны уақытында ашып үлгермеді. Енді ол толығымен су астында қалды. Алдын ала мәліметтер бойынша 80 қой мен 12 шошқа қырылып қалды»,-деді Асқат Ержанов.

Құтқарушылар судың өте жылдам келгендігін айтады. Су төменде орналасқан кейбір үйлерді басып қалды, тіпті бірқатар үйлердің терезесіне дейін жеткен. Қазір Рузаевкаға Петропавл қаласынан қосымша күштер жөнелтілді. Жеке құрам мен техника және қайықтар бар. Су басқан аймаққа СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ерік Сарыбаев аттанды.

Соңғы жаңалықтар