СҚО-да су деңгейі қауіпті межеден асқан жоқ - ТЖД

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзенінде су деңгей көтеріліп келеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

СҚО ТЖД мәліметінше, әзірге су деңгейі қауіпті межеден асқан жоқ. Есіл өзенінде мұз қабаты жұқарып, сең бұзыла бастады. Өзен тармақтарында мұздың тазаруы мен су деңгейінің азайуы байқалады.

Сергеев су қоймасында бөген үстінен құйылған судың биіктігі 150 сантиметр. Кеше ғана бұл көрсеткіш 20 сантиметр төмен болатын.

СҚО-дағы жауапты орындар қазір су деңгейіне мониторинг жасап, қадағалап отыр. Есіл өзені бойындағы ауылдар маңына бақылау бекеттері қойылды.

«Қар күрт еріген кезеңнен бастап су басудың алдын-алу мақсатында жедел іс-шаралар қолға алына бастады. 119 мың текше метр су сорылып алынды. Қазіргі уақытта елді мекендерді су басу қаупі жоқ»,-деді баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар