+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

СҚО-да стационарлық мекемелерге 400 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

2021 жылғы 24 маусым 00:06
Бөлісіңіз:
СҚО-да стационарлық мекемелерге 400 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында медициналық ұйымдарға мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде қызмет көрсетуге қатысты 32 мыңнан астам олқылық анықталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина қалай сақталады Семейде жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды Қылмыстық-атқару жүйесі медициналық қамтамасыз ету қызметі ДСМ-ға беріледі

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО бойынша филиалы медициналық ұйымдарға мониторинг жүргізіп, 5 айдың қорытындысын шығарды. Нәтижесінде медициналық қызмет көрсетуге қатысты 32 682 кемшілік анықталды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында өңірдің денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысына үнемі мониторинг жүргізіледі. Кемшін тұстар бар. 5 айдың қорытындысы бойынша ең көп кемшілік амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар арасында, атап айтқанда консультациялық-диагностикалық қызметтерге қатысты анықталған. Медициналық көмектің осы түрі бойынша 26 мыңнан астам факті тіркелген. Ал стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетуге қатысты 4 мыңнан артық кемшілік анықталды, олар бойынша 368,8 млн теңге сомасында айыппұл салынды.

«Жедел жәрдем қызметінде 186 жағдай тіркелді. Бұл – ең азы. Негізінен емдеу-диагностикалық іс-шаралары стандарттарынан ауытқу, медициналық құжаттаманы сапасыз жүргізу, қызметтер құнының негізсіз қымбаттауы және медициналық қызмет көрсетудің расталмаған фактілері анықталды», - дейді мамандар.

Сонымен қатар Қордың СҚО филиалы сарапшылары іс жүзінде көрсетілмеген қызметтердің 313 жағдайын, яғни қосып жазуды анықтады. Бұл жағдайлардың барлығы амбулаториялық-емханалық көмекке қатысты. Айыппұл санкциялары қолданыла отыра 1,2 млн теңгеден астам қаражат төлемнен алынды, бұл ақша кейін медициналық көмекті қаржыландыруға жұмсалады. Ал жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша ақпарат денсаулық сақтау басқармасына тиісті шара қабылдау үшін жіберілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT