СҚО-да сотталғандардың құқықтарына қатысты мәселелер талқыланды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінде ұсталған азаматтардың құқықтарының сақталу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі полиция ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күн тәртібіне қойылған басты мәселе - полиция қызметкерлерінің ұлттық превентивті тетікке қатысушылармен қарым-қатынасын жетілдіру болып табылады.

«Полицияны қызметіне үкіметтік емес ұйымдардың араласуы персоналдың жұмысын бақылауға алып, тәртіп сақшыларының да арнайы контингент өкілдерінің де іс-әрекеттерінің белгіленген тәртіпке сай болуын қамтамасыз етеді»,-деді СҚО ІІД-нің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Билялов.

Ол сөзінде арнайы мекмелерде адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және арнайы ғимараттардағы жағдайларды заң талаптарына сәйкестендіру бағытында ведомство тарапынан атқарылып жатқан істер туралы баяндап берді.


Облыс әкімдігінің қолдауымен Тимирязев және Ғ.Мүсірепов аудандарының ішкі істер бөлімдеріне қарасты уақытша ұстау оқшаулағыштары қайта жөндеуден өтті. Тайынша ауданында мемлекеттік-жекменшік серіктесті аясында бірінші қабатында барлық нормативт актілердің талаптарына сәйкестендірілген уақытша ұстау оқшаулағышы бар аудандық ішкі істер бөлімінің жаңа ғимаратының құрылысы аяқталды.

 

«Перфект» ақпараттық-құқықтық орталығының директоры Александр Верстаков жабық типтегі мекемелердің санитарлық жағдайларын жетілдіру мен уақытша ұстау оқшаулағыштарының халықаралық талаптарға сай болуы негізінде оңды өзгерістер бары екендігін атап өтті.

 

Құқық қорғаушылар айына кемінде 6 тексеру жүргізеді. Олардың нәтижелері арнайы есепке енгізіледі. Осы мақсатта қоғам өкілдері өткен жылы 60-тан астам полиция бөлімшелері мен арнайы мекемелерінде болған.

Татьяна Усманова мен Марина Толстова полиция қызметкерлеріне мониторинг жасау мақсатында жүргізілген тексерулер барысында анықталған кемшіліктер бойынша жан-жақты ақыл-кеңестер берді. Визуалды ақпараттардың орналасуы, өтініш-шағым жәшіктерінің болуы, ұсталған азаматтарды тергеу жүргізілетін мекемелерде бейнебақылау камераларының болуы сияқты өзге де көптеген мәселелер жиын барысында ортаға салынды.

Соңғы жаңалықтар