+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

СҚО-да сотталғандар шампиньон өсіруді қолға алды

2020 жылғы 7 сәуір 17:33
Бөлісіңіз:
СҚО-да сотталғандар шампиньон өсіруді қолға алды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқандардың 71% жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдегі бес түзету мекемесінде 780 сотталған жазасын өтеп жатыр. Олардың еңбекке жарамды бөлігінің 71% бүгінде колония аумағында ашылған түрлі өндірісте жұмыс істеп жатыр.

«Еңбек-Қызылжар» мекемесінде 152 сотталған еңбек етеді. Жиһаз, пластикалық терезелер, тротуар плиткаларын, темір бұйымдарын жасаумен, тігін цехында төсек-орын, мектеп формаларын, арнайы киім, аяқ киім тігумен және наубайханада нан пісіріп, макарон өнімдерін жасаумен айналысады. Сотталғандарды белгілі бір кәсіпке бейімдеп, жұмыспен қамтудың маңызы зор. Олар еңбек ету арқылы қарызын өтейді әрі жаңа мамандықты меңгеру арқылы бостандыққа шыққасын жұмыссыз қалмайды», - дейді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов.

Р.Ахметжановтың айтуынша, бұдан басқа мекемелердің аумағында 7 жеке кәсіпкерлік пен 4 ЖШС жұмыс істейді. Олар сотталғандардың 128 жұмыспен қамтыған.

Петропавлда орналасқан ЕС 164/6 мекемесінде екі жыл бұрын жылыжай ашылды. 100 шаршы метр аумақты алып жатқан бұл жерде бүгінде қызанақ, қияр, көк жуа, аскөк пен ақжелкен өсіріліп жатыр. Жақында олардың қатарына саңырауқұлақ қосылды.


«Еңбекақымыз жақсы. Артылғанын үйге жібереміз. Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Жылыжайда өсімдіктерді суарып, күту арқылы демаламын. Қандай істі болмасын ұнатып істеу керек, сонда нәтижесін көресің. Біз бұл жерден қысы-жазы жақсы өнім алып жатырмыз. Енді саңырауқұлақ өсіруді қолға алдық. Білмегенімізді арнайы әдебиеттен үйреніп жатырмыз. Раушан гүлді өсіруді де жоспарлап отырмыз», - дейді жазасын өтеуші Олеся Русак.

Кәсіпкерлер түзету мекемелері аумағында жылыжайлардан бөлек, омарта жасау ісін жолға қойған. Сотталғандар құрылыс материалдарын шығарып, автошеберханаларда жұмыс істейді. Қаз-үйрек өсіріп, кәдесыйлар жасайды.

«Біздің мекемелердің аумағында кәсіпорын ашқан жағдайда кәсіпкерлерге көптеген жеңілдіктер жасалады. Ғимаратты жалға алу ақысыз береміз, тек коммуналдық шығындарды өтейді. Коммуникация толық тартылған, сондай-ақ күзетке шығындалмайды. Жақында ЕС 164/3 мекемесінде күнбағыс майын және ЕС 164/6 мекемесінде суэмульсиялық бояу шығаратын цехтарды ашу жоспарланған», - дейді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT