+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

СҚО-да сот әкімдік өкілінен 30 мың теңгеге жуық ақша өндіріп алды

2021 жылғы 20 қазан 13:42
Бөлісіңіз:
СҚО-да сот әкімдік өкілінен 30 мың теңгеге жуық ақша өндіріп алды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында сот алдындағы міндетті орындамаған әкімдік өкілінен 29 мың 170 теңге ақша өндіріліп алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да биыл 1,8 млн малға екпе егілді Қарағанды облысында покерді заңсыз ұйымдастыру дерегінің жолы кесілді Ақтөбеде облыстық мәслихаттың экс-депутаты ақталып шықты

СҚО сотының мәліметінше, ақшалай өндіріп алу Петропавл қалалық әкімдігінің өкіліне қолданылды.

Облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшілік іс бойынша алдын ала тыңдауда бұл жазаны мүдделі тұлғаға міндетті орындамағаны үшін қолданды.

«ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі нормаларына сәйкес ақшалай өндіріп алу жеке, лауазымды адамға, заңды тұлғаға не оның өкіліне қолданылады. Бұл жазаға сот белгілеген мерзімді дәлелсіз себептермен бұза отырып, соттың сұрау салуын орындамаған жағдайда тартылады. Өйткені құжаттарды мерзімінде ұсынбау алдын ала тыңдау кезеңінде істі қараудың созылуына әкеледі», - делінген хабарламада.

Сот ұйғарымымен ақшалай өндіріп алу мөлшері - 10 АЕК, бұл 29 170 теңгені құрайды.

СҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты жұмысын бастаған 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап сот талаптарын орындамағаны үшін барлығы 8 адамға ақшалай өндіріп алу қолданылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT