СҚО-да соқтығысқан екі көліктің бірі жанып кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, электр қондырғыларының қысқа тұйықталуынан біреуі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 8 қыркүйек, сағат 20.40 минут шамасында болған. Петропавл қаласының сыртындағы айналма жолда, Шаховское елді мекеніне бұрылыста Петропавл қаласының 20 жастағы тұрғыны басқарған Honda Accord пенТолмачевка елді мекенінің 60 жастағы тұрғынының Volkswagen Jetta көлігі соқтығысып қалған. Салдарынан Volkswagen Jetta оқиға орнында жанып кетті.

«Жол-көлік апатына жедел жәрдем қызметінің екі көлігі шақыртылды.

Автокөліктерде болған 1960 және 1998 жылы туған жолаушы әйелдер емдеу мекемелеріне жеткізіліп, сол жерде тиісті көмек алғаннан кейін үйлеріне жіберілді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Медициналық куәландырудан өткен жүргізушілердің спирттік ішімдік ішпегені белгілі болды. Қазір жол-көлік оқиғасына байланысты әкімшілік материал Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік бөліміне тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар