+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

СҚО-да скутер мінген жігіт бағанға соғылып көз жұмды

2021 жылғы 19 қазан 21:25
Бөлісіңіз:
СҚО-да скутер мінген жігіт бағанға соғылып көз жұмды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында скутер мінген екі жігіт электр бағанына соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда карантин шараларын бұзудың 400-ге жуық жағдайы тіркелді Туған жер: СҚО-да 326 жоба жүзеге асты СҚО-да Тәуелсіздік жылдары 1 қала, 10 аудан, 74 ауылдың атауы өзгерген

ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 19 қазанға қараған түні Тайынша ауданының орталығында болған. «PEDA» скутеріне мінген 19 жастағы жергілікті тұрғын рульге ие бола алмай қалып, электр тарату желісі бағанына соғылған. Салдарынан жігіт апат орнында мерт болды. Оның 21 жастағы жолаушысына дәрігерлердің көмегі қажет болды, кейін үйіне жіберілді.

Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне «Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша енгізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

СҚО-да тоғыз ай ішінде 23 адам қаза тауып, 163 адам жарақаттанған 122 жол-көлік оқиғасы тіркелді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT