+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

СҚО-да синтетикалық есірткі саудалаған 6 интернет дүкен жабылды

2021 жылғы 26 ақпан 02:26
Бөлісіңіз:
СҚО-да синтетикалық есірткі саудалаған 6 интернет дүкен жабылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында былтыр заңсыз айналымнан 462 кг астам түрлі есірткі алынып, 6 интернет дүкеннің жұмысына тосқауыл қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда мопед мінген есірткі сатушы ұсталды 22 жастағы қарағандылық Telegtam арқылы есірткі сатушы болып орналасқан

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомствоның апта сайын Facebook пен Instagram тікелей эфирінде өтетін брифингіне есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев пен бөліністің жедел уәкілі Сұлтанғазы Біләлов қатысты.

Мамандар баланың есірткі сайттарына кіргенін қалай білуге болады, үйлердің қабырғаларында есірткі граффитиі пайда болған кезде қайда жүгінуге болады, есірткіні жасырушыларды қандай белгілері бойынша тануға болады деген сияқты қолданушылардың сұрақтарына жауап беріп, атқарылған жұмыстан хабардар етті.

Жандос Басыбаевтың айтуынша, былтыр 195 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткі мен психобелсенді заттарды сатудың 49 фактісі анықталған.

Заңсыз айналымнан 462 кг астам түрлі есірткі алынды. Есірткі саудасын жолға қойған 6 интернет-дүкен анықталып, жабылды.

«Сот тәжірибесінде алғаш рет СҚО-да интернетте синтетикалық есірткілерге жарнама жасаумен айналысқан фигурант қылмыстық жауапкершілікке тартылды және 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал биыл 36 есірткі қылмысы анықталды», - дейді есірткіге қарсы күрес бөлінісінің басшысы.

Бұған дейін СҚО-дағы ауылдардың бірінде синтетикалық есірткі жасап келген зертхананың анықталғанын айтқан едік.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT