СҚО-да синтетикалық есірткі сататын 60-тан астам сайт жабылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында наркология орталығында 800 нашақор есепте тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, синтетикалық есірткіні шамадан тыс пайдалануға қатысты 50 факті анықталған.

«Біз синтетикалық есірткі сататын 60 электрондық ресурсты анықтадық. Олардың барлығы бұғатталды, бірақ бұл олардың жаңа интернет парақшаларды ашуға кедергі болмай тұр», - деп атап өтті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы Иван Терзиди.

Бұл ресурстардың сілтемесін Петропавл ғимараттарының қабырғаларына жиі жазып кетеді. Мұндай жазбаларды тұрғын үйлерден, аялдамалардан, гараждардан байқауға болады. Көптеген азаматтар бұл граффитилердің нені білдіретіндері білмейді. Ал, жастар әуесқойлықпен сілтемеге кіріп, есірткі тарататындардың желісіне тап болуы мүмкін.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Біз есірткіге қарсымыз» акциясын ұйымдастырды. Оған полицейлер, колледж, университет студенттері, еріктілер қатысты. Студенттер бір күннің ішінде 100 сілтемені өшіріп шықты.
null 

«Мұндай акциялармен халықтың назарын осы мәселеге аудармақшымыз. Әзірге біз тек граффитилерді бояу арқылы ғана күресе аламыз. Қазір синтетикалық есіркілерге қарсы күрес мәселесі заңнамалық деңгейде қарастырылып жатыр», - деп атап өтті Иван Терзиди.

Жыл басынан бері солтүстікқазақстандық полицейлер 1,5 келі синтетикалық есірткі тәркілеген. 

null null 

Соңғы жаңалықтар