СҚО-да шомылу маусымы басталғалы 8 адам ажал құшты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында суға шомылу маусымы басталғалы 8 адам қаза тапты, оның үшеуі - жасөспірім, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстың өзен-көлдерінде 16-18 маусым күндері екі жасөспірім суға кеткен. Петропавл маңында орналасқан «Полет» саяжай қоғамдастығында екі жасөспірім Есіл өзенін жүзіп өтпек болады. Алайда, жағаға біреуі ғана жеткен. Прибрежное елдімекенінің тұрғынын құтқарушылар тек екінші күні ғана тауып, жансыз денесін алып шықты. Ал келесі күні қайғылы оқиға Уәлиханов ауданында қайталанды.

«Кішкенекөл ауылының маңында қолдан жасалған көлге 15 жастағы жасөспірім батып кетті. Ол жер суға түсуге жарақтандырылмаған. Баланың денесін құтқарушылар сол күні кешке тапты», - дейді департамент мамандары.

Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін СҚО ТЖД Жедел-құтқару отрядының мамандары күнделікті адам көп шоғырланған жерлерге: сауда орындарына, базарлар мен дүкендерге барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, жаднамалар таратады.

«СҚО-да 60-қа жақын суға шомылуға арналған орын бар. Өзен-көлдердегі арнайы орындарда желсіз күндері, +25- +30 градус ауа райында шомылуға кеңес береміз. Мас күйде, суықта шомылмаңыздар. Сіңір тартып немесе мидың қан тамырлары қысылуы мүмкін. Балаңызды көзден таса қылмай, қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз», - деп кеңес береді мамандар.null

Өңірде соңғы 5 жылда 168 адам суға кеткен, оның 22-сі жасөспірім. Құтқарушылар 100-ден астам адамға дер кезінде көмек көрсетіп, өлімнен арашалап қалды.

null null null

Соңғы жаңалықтар