СҚО-да шаруашылықтың жанармай құйылған екі көлігі жанып кетті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы шаруашылықтардың бірінде бүгін жанармай құйылған автоцистерна өртеніп, қатты желдің салдарынан қасындағы жүк көлігі де жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылы маңындағы «Жигалова Карагугинское» шаруа қожалының аумағындағы жанармай базасында шыққан. Өрт сөндіру қызметіне шақырту күндізгі 14.51 минут кеткенде түсті.
Оқиға орнына Булаев және Петропавл қалаларының өрт сөндірушілері: барлығы 19 маман мен 4 техника жұмылдырылды. Өйткені олардың жұмысын қатты жел қиындатып жіберген еді.
Мамандардың айтуынша, жалын шаруашылықтың жанармай базасында КАМАЗ автоцистернасынан дизель отынын ағызу кезінде шыққан. Қатты жел өртті өршітіп, қасында тұрған ГАЗ – 53 көлігін шарпыған. Салдарынан екі машина да жанып кетті.
Өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары қызыл жалынмен шамамен 2,5 сағаттай алысып, сағат 17.39 минутта сөндірді. Жанармай сақталған ыдыстарға таралуына жол берген жоқ.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, адамдар дін аман. Әзірше өрттің шығу себебі және келген шығын мөлшері белгісіз.
- Алматының бірнеше шағын ауданында суық су болмайды
- Ураинада қарттар үйі өртеніп, 15 адам қаза тапты
- Семейде екі жігіт зейнеткерді өрттен құтқарды
- Солтүстік Қазақстанда із-түзсіз кеткен зейнеткердің денесі табылды
-
Қызылордада жыл басынан бері 114 адам коронавирус жұқтырған
-
Моңғолия премьер-министрі отставкаға кететінін мәлімдеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам