СҚО-да шамамен әр үшінші дәрігер КВИ-мен күреске жұмылдырылған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы брифингте өңірдегі коронавирус инфекциясы бойынша ахуалды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қабдырахман Сақтағановтың айтуынша, өңір қараша айында КВИ бойынша екінші толқыннан өтті. Қазір облыста 98 мобильді бригада бар. Олар қыркүйек пен қараша айларында 21 569 шақыртуға барған, яғни бір тәулікте 150-500 аралығында қызмет көрсеткен.

«Қазір емдеу мекемелерінде 1165 инфекциялық орын бар. Вирус алғаш шілде айында өршігенде инфекциялық стационарларда 1035-тен 1340 сырқатқа дейін ем алды. Қазір одан үш есе аз науқастар емделіп жатыр. Бұдан басқа 280 карантиндік орын бар. Жағдай ушыққан жағдайда, бар орынның 70 % толған уақытта, тағы 330 орынды қосымша ашамыз. Ол да жетпеген жағдайда жатын орындарды 2415-ке, тіпті 3400-ге дейін жеткізуге мүмкіндігіміз бар», - дейді Қабдырахман Сақтағанов.

Қазір облыста КВИ-мен күреске әр үшінші дәрігер – 413 маман жұмылдырылған. Бұдан басқа 1135 орта медициналық қызметкер және көлік жүргізушісі, санитарлар сияқты 716 жұмысшы тартылған.

«КВИ-мен күреске жұмылдырылған медициналық мамандар қараша айы үшін еңбекақыға қосымша төлем алды. 2264 адамға 659 млн теңге берілді. Оның ішінде 1-тәуекел тобына жататын 1056 адамға 514,3 млн теңге, 2-тәуекел тобына жататын 398 адамға 59 млн теңге және 3-тәуекел тобына жататын 810 маманға 85,8 млн теңге төленді», - дейді басқарма басшысы.

Жалпы СҚО-да наурыз-қараша айында медициналық қызметкерлерге 3 513,9 млн теңге төлем жасалған.


Соңғы жаңалықтар