СҚО-да шағын және орта бизнестен түсетін салық көлемі ұлғайды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында шағын және орта бизнестен түсетін салық көлемі ұлғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтынша, өңірде карантин шараларының іске қосылуына байланысты салық түсімі азаяды деген болжам болған. Алайда 11 айдың қорытындысы бойынша, шағын және орта кәсіпкерлік нысандары бюджетке 12,2 млрд теңге қаржы түсірген. Яғни салық түсімінің көлемі 53,9 млрд теңгеге артты. Өңір бюджетінің кіріс бөлігінің үлесі 2019 жылғы 58%-дан 2020 жылғы 62%-ға дейін өсті.

«Дегенмен 2020 жыл бизнес үшін қиын жыл болды. Шағын және орта кәсіпкерлік нысандары өндірген өнім құны 208 млрд теңгеге жетіп, 99,8%-ті құрады. Жағдайдың бұлайша қалыптасуы пандемия кезінде бірқатар кәсіпорынның жабылуымен байланысты. Соған қарамастан бірнші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны өткен жылғыдай, яғни 105,4 адамды құрады. Шағын және орта кәсіпкерліктің өңірлік жалпы өнімдегі үлесі де артты. 2017 жылы ол 25,4% болса, 2018 жылы 29,7%, 2019 жылы 30,3% болды. Біз бұл межені 2025 жылы 35% жеткізуді жоспарлап отырмыз»,-деді Құмар Ақсақалов.


Соңғы жаңалықтар