СҚО-да Сенат депутаттығына 3 үміткер тіркелді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Парламент Сенаты сайлануына 5 үміткер бар, оның үшеуі тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі сенатор Ольга Перепечинаның өкілеттік мерзімі аяқталады. Алайда ол сайлауға қайта түспек. Кандидаттардың ішінде сондай-ақ 1 мемлекеттік қызметші, коммерциялық құрылымның 1 қызметкері, бюджеттік ұйымның 2 қызметкері бар. Кандидаттардың 3-і әйел. Үміткерлердің ең жасы – 52-де. Барлығы «Nur Otan» партиясының мүшелері.

«23 шілде сағат 18:00-ден кейін кандидаттар сайлау алдындағы үгіт жұмыстарына кіріседі. Облыстық сайлау комиссиясына өтініштер келіп түскен жоқ. Барлық ақпарат облыс әкімдігінің сайтында, «сайлау бөлімінде» орналастырылған. Бүгінгі таңда дауыс беру орны бойынша мәселе қаралып жатыр. Карантин болғандықтан барлық санитарлық нормаларға сәйкес келетін орын анықталады», - дейді СҚО сайлау комиссиясының төрағасы Ерболат Бекшенов.

Қазіргі уақытта бес кандидаттың үшеуі тіркелді. Олар: Ольга Перепечина, Қабиден Сәдуақасов және Данголе Могунов.

Айта кетейік, осы жылдың 12 маусымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы қаулысы шыққан еді.

Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясының онлайн режимде отырысы өтіп, онда сайлауға қатысты күнтізбелік іс-шарлар жоспары бекітілген. 13 маусымнан бастап Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталды. Сондай-ақ үміткерлерге қойылатын талаптар жария етілді.


Соңғы жаңалықтар