СҚО-да сайлаушылардың 75,5 пайызы дауыс беріп, ел бойынша бірінші орыннан көрінді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 400 мыңға жуық сайлаушының 75,5 пайызы дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО сайлау комиссиясының мәліметінше, бүгін өңірде 650 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Таңғы сағат 7.00-ден бастап 4 мыңға жуық байқаушы бақылады.

«СҚО-да 399 370 сайлаушы бар. Петропавл қалалық және аудандық сайлау комиссияларының есебі бойынша олардың 301 629-ы бүгін конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс берді. Ол барлық сайлаушының 75,5 %-ы», - деді СҚО сайлау комиссиясының төрағасы Ерболат Бекшенов.


Соңғы жаңалықтар