СҚО-да сайлаушылардың 70 пайызы дауыс берді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде ауыл әкімдерінің сайлау барысы жайында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскиннің айтуынша, сағат 16.00-дегі жағдай бойынша, өңірдегі сайлаушылардың 70,71 %-ы өз таңдауын жасады.

«Айыртау, Ақжар, Жамбыл, Шал ақын және Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда барлық сайлаушылардың 73 %-ы дауыс берді. Уәлиханов пен М.Жұмабаев ауданында жоғары белсенділік байқалады, сайлаушылардың шамамен 80 %-ы таңдау жасап үлгерді. Тайынша ауданында тұрғындар дауыс беруге асығар емес. Мұнда сайлаушылардың тек 53 %-ы ғана осы уақытта таңдауын жасады», - дейді Тілеген Қаскин.

Өңір «қызыл» аймақта. Сол себепті сайлау учаскелерінде санитариялық талаптар қатаң сақталған.

«Өткен тәулікте СҚО-да коронавирус жұқтырудың 141 жағдайы тіркелді. Эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Ауырғандар саны артып келеді. COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында барлық эпидемияға қарсы іс-шараларды қатаң сақтау қажет», - дейді брифингке қатысқа СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсе Жұматаев.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 25.06.2021 жылғы №29 қаулысына сәйкес сайлау процесінің барлық қатысушылары:

1) бір рет қолданылатын медициналық немесе қорғаныс маскаларын кию режимін сақтауға;

2) қолды дезинфекциялау үшін антисептикалық құралдарды пайдалануға;

3) адамдар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтап, бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр қашықта болуға;

4) қол алысудан немесе тікелей байланыстың басқа түрлерінен аулақ болуға тиіс.

СҚО полиция департаменті бастығының мінетін атқарушы Қанат Айтбаевтың айтуынша, полиция қызметі күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруда. Жағдай бақылауда, сайлау тыныш өтіп жатыр. Осы уақытқа дейін заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.


Соңғы жаңалықтар