Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.93 EUR 423.00
RUB 5.87 CNY 54.82
Jańalyqtar

СҚО-да сауалнамаға қатысқан ЖОО студенттерінің 24% пара бергендерін айтқан

2019 жылғы 16 мамыр 22:33 249
Бөлісіңіз:
СҚО-да сауалнамаға қатысқан ЖОО студенттерінің 24% пара бергендерін айтқан

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да әлеуметтік зерттеу кезінде жергілікті жоғары оқу орны студенттерінің 24% оқытушыларға пара бергендіктерін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада «Тау мен дала хикаясы» тақырыбында Айтматов оқулары өтті Алматыда жас дизайнерлердің xалықаралық конкурсы өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушылары мен студенттері арасында жасырын сауалнама әдісімен әлеуметтік зерттеу жүргізді.  «Пара алдыңыз ба, бердіңіз бе» деген сауалға ұстаздардың 78% «Жоқ» деп жауап берсе, қалғандары - 22% -і жауап беруден бас тартқан.

«Өкінішке орай студенттердің жауабы көңіл көншітпейді. Сауалнамаға қатысқандардың 24%-і немесе 41 студент пара бергенін жазған. Біз, әрине, «білім беру саласында сыбайлас жемқорлық жоқ» деп сеніммен айта алмаймыз. Сол себепті бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыратын боламыз», - деді департамент директоры Елена Степаненко брифингте.

Сауалнамаға қатысқандардың пікірінше,  сыбайлас жемқорлық - білім беру, денсаулық сақтау және құқық қорғау салаларында кең етек алған. Респонденттерге, сондай-ақ «оқытушыларға пара алуға, ал студенттерге пара беруге не себеп» деген де сұрақ қойылған. Нәтижесінде студенттердің пәнді оқығысы келмегендіктен «бармақ басты, көз қысты» әрекетке баратындығы анықталды. 

Сауалнаманың қорытындысы республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне жіберілді.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT