USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

СҚО-да саңырауқұлақтан уланған әйел мен оның үш қызы көз жұмды

2016 жылғы 10 қазан 15:21
Бөлісіңіз:
СҚО-да саңырауқұлақтан уланған әйел мен оның үш қызы көз жұмды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО облыстық балалар ауруханасында саңырауқұлақтан уланған екі қыз көз жұмды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі бас дәрігер Олег Завьяловқа сілтеме жасап.

2-қазанда облыстық балалар ауруханасына Қызылжар ауданынан тағамнан уланған 5, 8, және 12 жастағы балалар жеткізілді. Қыздарды жан сақтау бөліміне жатқызды.

«Ауруханаға түскенде қыздардың барлығының жағдайы ауыр болды. Дереу интенсивті терапия жүргізілді. Қан орталығынан көп плазма жеткізілді. Тәулігіне әр науқасқа 1-2 литр плазма жұмсалды. Бактерияға қарсы терапия жүргізілді. Қыздар жан сақтау бөліміне түскеннен-ақ дәрігерлердің консилиумы өтті. Республикалық санитарлық авиация желісі бойынша реаниматолог пен Қазақстанның бас токсикологы шақырылды», - деді Олег Завьялов.

Науқастарда өкпе және бүйрек ақаулары пайда бола бастады. Балаларды өкпенің жасанды вентиляциясына көшірді. Апалы-сіңлілердің ең кішісі - 5 жасар Олеся 5 қазанда, 8 жасар Ксения 9 қазанда және 12 жастағы Татьяна 10 қазанда қаза тапты. Қыздардың анасы үшінші қалалық аурухананың жан сақтау бөлімінде ажал құшты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT