СҚО-да санаторлық мектеп-интернаттың екі оқушысы коронавирус жұқтырды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлют санаторлық мектеп-интернатының екі оқушысында коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 қазан күні Мамлют санаторлық мектеп-интернатының 1 және 9 сынып оқушылары арасында КВИ-ға зертханалық зерттеу жүргізілген. Нәтижесінде екі оқушыда қауіпті инфекция бары анықталды.

Ал 2004 және 2014 жылдары туған балаларда облыстық көпсалалы балалар ауруханасының инфекциялық бөлімшесіне емдеуге жатқызу кезінде анықталды. Олар емдеу мекемесіне жіті респираторлық вирустық инфекция және энтеровирустық инфекция белгілерімен түскен еді.

«Қазіргі уақытта науқастар мен байланыста болғандардың жағдайы қанағаттанарлық, ауырып қалған балалар стационарда емделіп жатыр. Эпидемиологиялық тексеру кезінде 17 адамның байланыста болғаны анықталды. Олардың барлығы медициналық бақылауға алынды. Ошақта қорытынды дезинфекция жүргізілді», - делінген баспасөз хабарламасында.

СҚО-да 1 қыркүйек пен 29 қазан аралығында оқушылар арасында коронавирус жұқтырудың 32 жағдайы тіркелді, оның ішінде 17 жағдайда ғана балалар штаттық режимде оқыған.


Соңғы жаңалықтар