СҚО-да республикалық және облыстық бірқатар трасса жабық тұр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 республикалық және облыстық маңыздағы барлық автожол жабық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңірде 9 және 10 наурызға дауылды ескерту жарияланды. СҚО аумағында қатты жел тұрып, қар аралас жаңбыр жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қазір өңірде 7 республикалық, облыстық маңызы бар барлық жол жабық.

СҚО ТЖД басқармасының бастығы Дмитрий Растихиннің айтуынша, күннің жылынуына байланысты қар ауыр тартқан, техника тазалап үлгере алмай жатыр. Облыста жабық жатқан ауылдар бар. Жергілікті атқарушы билік, жауапты мекемелер облыстағы жолдарды ашу үшін бар күш-жігерді жұмсап жатыр.

«5-9 наурыз аралығында өңірде 174 адам, соның ішінде 4 бала құтқарылды. Қар құрсауында қалған 56 техника шығарылды. Оның 18-і жүк көлігі.

Тұрғындарды бұл күндері мүмкіндігінше елді мекендерден алысқа ұзап шықпауға шақырамыз. Өйткені кей учаскелерден көлікпен өту қиын. Техникалар жолды тазалап үлгермей жатыр. Жолға шықпас синоптиктердің болжамына назар аударыңыздар, дауылды ескертулерге құлақ салыңыздар», - дейді Дмитрий Растихин.


Соңғы жаңалықтар