СҚО-да республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында екі күнге созылатын «Протон» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды ұшыру кезінде апаттар туындаған жағдайда өзара іс-қимыл тәртібі туралы

1999 жылғы 18 қарашадағы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің басшылығымен 31 қазан мен 1 қараша аралығында «Протон» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтуде.

Оқу-жаттығудың тақырыбы: «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран тасығыштардың апатымен байланысты төтенше жағдайлар туындаған кездегі азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының іс-қимылға дайындығы».

Оқу-жаттығу барысында Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аудандарында жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғау қызметтерінің және авариялық-құтқару құралымдарының іс-қимылдарын пысықтаумен тәжірибелік іс-шаралар өткізілді. Зымыран тасымалдағыштар бөліктерінің құлауымен, «Гептил» улы отынның төгілуіне байланысты ТЖ жою, халықты құлақтандыру және эвакуациялау, зардап шеккендерге алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету және жануды сөндіру мәселелері іс жүзінде пысықталды.

Осы іс-шара аясында халықты орналастырудың уақытша пункттері мен оны бірінші қажеттіліктегі заттармен және азық-түлікпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды.

Аудан орталықтарында ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті, адамдарды және ауыл шаруашылығы жануарларын құтқару, ТЖ жою және зақымданған топырақты қалпына келтіру мәселелері қаралды.

Аталған міндеттер мемлекеттік органдардың, шаруашылық кешенінің объектілері мен халықтың әлеуетін іске қосу арқылы толық көлемде пысықталды. басшылығымен 31 қазан мен 1 қараша аралығында «Протон» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтуде.

Оқу-жаттығудың тақырыбы: «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран тасығыштардың апатымен байланысты төтенше жағдайлар туындаған кездегі азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының іс-қимылға дайындығы».

Оқу-жаттығу барысында Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аудандарында жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғау қызметтерінің және авариялық-құтқару құралымдарының іс-қимылдарын пысықтаумен тәжірибелік іс-шаралар өткізілді. Зымыран тасымалдағыштар бөліктерінің құлауымен, «Гептил» улы отынның төгілуіне байланысты ТЖ жою, халықты құлақтандыру және эвакуациялау, зардап шеккендерге алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету және жануды сөндіру мәселелері іс жүзінде пысықталды.

Осы іс-шара аясында халықты орналастырудың уақытша пункттері мен оны бірінші қажеттіліктегі заттармен және азық-түлікпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды.

Аудан орталықтарында ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті, адамдарды және ауыл шаруашылығы жануарларын құтқару, ТЖ жою және зақымданған топырақты қалпына келтіру мәселелері қаралды.

Аталған міндеттер мемлекеттік органдардың, шаруашылық кешенінің объектілері мен халықтың әлеуетін іске қосу арқылы толық көлемде пысықталды.

Соңғы жаңалықтар