СҚО-да Ресейден келген екі адамнан коронавирус табылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бүгін анықталған екі науқас өңірге Ресейдің Түмен жәнем Омбы қалаларынан кірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шұғыл штаб мәліметіне қарағанда, вирусты жұқтырғандар елге Ресейден Мамлют ауданындағы Жаңажол бекеті арқылы кірген. Олардың бірі – 2000 жылы туған студент. Түмен қаласынан 15 мамыр күні келді. Екіншісі 1988 жылы туған ер адам, жүк тасымалдаушы болып еңбек еткен. Ол шекарадан 16 мамыр күні өтіпті.

Екеуі де бірден COVID-19-ға тексеріліп, Мамлютка қаласының карантин стационарына оқшауланды.

Қазір байланыстағы адамдардың саны анықталып жатыр. Эпидемиологиялық тексеру жалғасады.

Жалпы 17 мамырдағы жағдай бойынша СҚО аумағында COVID-19 жұқтырудың 38 жағдайы тіркелген, оның ішінде жұқтырған бір адам - Көкшетау қаласынан.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде жұқпалы аурулар бөлімінде 8 науқас ем алып жатыр. Провизорлық стационарда 43 адам оқшауланған.


Соңғы жаңалықтар