СҚО-да репродуктивті жастағы әйелдердің тең жартысы анемияға шалдыққан

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да репродуктивті жастағы әйелдердің 50%-ында анемия кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімдігінің отырысында белгілі болғандай, былтыр есепке тұрған 6339 әйелдің 3173-інде қан аздық ауруы тіркелген.

«14 жасқа дейінгі балаларда теміртапшылығы анемия азайған. Былтыр 100 мың тұрғынға шаққанда 1913,4 құрады, 2017 жылы 100 мың тұрғынға 1995,5 болатын. Аққайың, Есіл, Жамбыл, Мамлют, Уәлиханов және Шал ақын аудандарында 14 жасқа дейінгі балаларда бұл дерт облыстың көрсеткішінен жоғары», - дейді СҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Серікбай Қасмақасов.

Мамандардың айтуынша, темір тапшылығы анемиясы облыстың ересек тұрғындары арасында төмендеген. Өткен жылы 100 мың тұрғынға 301 тіркелсе, 2017 жылы бұл көрсеткіш 244-ке артық. Дерттің көрсеткіші Уәлиханов, Аққайың және Тимирязев аудандарында жоғары.

Серікбай Қасмақасовтың айтуынша, темір тапшылығы анемиясының алдын алу үшін фортификацияланған тамақ өнімдерін қолданған дұрыс. 1 тонна жоғары сұрыпты ұнды фортификациялау үшін 600 теңге, бірінші сұрыпты ұнға 480 теңге жұмсалса, 1 бөлке нан үшін небары 0,2 теңге ғана шығады екен.

СҚО-да жоғары және бірінші сұрыпты ұнды фортификациялайтын кәсіпорындар саны артып келеді. Мамандардың мәліметінше, 2016 жылы өңірдегі 6 кәсіпорын, 2017 жылы 11, ал былтыр олардың саны 16-ға жетті. Бұл облыстағы барлық ұн тарту кәсіпорындарының 84%.

Соңғы жаңалықтар