Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

СҚО-да референдум учаскелерінде жәрмеңке ұйымдастырылып жатыр

2022 жылғы 5 маусым 09:32

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Конституцияға түзетулер бойынша референдумға қатысуға 379 620 адамның құқығы бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО референдум комиссиясының мәліметінше, өңірде 648 референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр. Таңертеңнен бастап дауыс берушілердің легі азаяр емес. Жалпы бүгін облыста 379 620 адам құқығын пайдаланып, референдумға қатыса алады. Ал белгілі бір себептермен учаскелерге келе алмайтындарға арнайы жәшік үйіне апарылады. Тек ол үшін дауыс берушінің өтініші болса болғаны.

«Таңертең барлық учаскелер ашылды, қазір штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бүгін учаскелерде комиссияның 3725 мүшесі жұмыс істейді. Барлығы арнайы курстан өткен, сертификаттары бар. Олардың міндеті дауыс берудің еш құқық бұзушылықсыз, әділ әрі заңға сай өтуін қадағалау», - дейді СҚО референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Сергей Калинин.

СҚО ішкі саясат басқармасының мәліметінше, бүгін референдум учаскелерінің барлығында жәрмеңке өтіп жатыр. Бұл жерде дауыс берушілер тұрақтандыру қорының бағаларына сай азық-түлікті, соның ішінде көкөністі, қант, жармалар мен сұйық майды нарықтағыдан арзанға сатып ала алады.

Бұл күні өңірдің шығармашылық ұжымдары да жұмыс істеп, референдум учаскелерінде келушілерге концерттік бағдарлама ұсынады.


Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары