+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

СҚО-да «Qutty meken» жобасының барысын арнайы топтар бақылайды

2020 жылғы 21 мамыр 05:00
Бөлісіңіз:
СҚО-да «Qutty meken» жобасының барысын арнайы топтар бақылайды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын «Nur Otan» партиясының депутаттарынан құрылған арнайы мониторинг топтары бақыламақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шешім облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысында қабылданды.

Мониторинг топтары «Qutty meken» ұлттық жобасының негізгі бағыттары бойынша жұмыс істемек. Олар – білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын, тұрғын үй, автомобиль жолдарын, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын, су және жылумен қамтамасыз ету желілерін жөндеу және салу жұмыстарының сапалы жүргізілуін назарда ұстайды.

Мониторинг топтарының саны алтау болмақ. Құрамына облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, қоғам өкілдері кіреді. Топтар бюджет қаражатының неғұрлым тиімді жұмсалуын, сондай-ақ нысандардың мерзімінде салынып немесе жөнделуін бақылайды. Олардың жұмысын партияның өңірлік филиалы үйлестірмек.

«Бюджет қаражатының әрбір теңгесі мақсатты пайдаланылып, жұмыстар белгіленген мерзімде және сапалы жүргізілуі тиіс. Фракция депутаттары, мониторинг топтарының төрағалары бұл мәселелерді партиялық бақылауға алулары қажет. Мониторинг топтары апта сайын партияның облыстық филиалына есеп беретін болады», - дейді облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының басшысы Юрий Белоног.

СҚО-да 180 әлеуметтік нысан партиялық бақылауға алынды. Оларға бюджеттен жалпы алғанда 25 млрд астам теңге бөлінді.

«Жергілікті жерлердегі нұротандықтар бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселесін ерекше бақылауға алуға, кемшіліктерді анықтауға белсене араласуы қажет. БАҚ-тың немесе тұрғындардың мәселе көтергенін күтпей, оза әрекет етуіміз керек», - деді «Nur Otan» партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова.

Былтыр да нұротандықтар партиялық бақылау аясында 324 рейд жүргізді, нәтижесінде бірқатар олқылықтың бетін ашты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT