СҚО-да ПТР тапсырғандардың 4 пайызынан ғана коронавирус анықталған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандардың саны 8 856-ға жетсе, солардың 8 101-і емделіп, тәуір болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше 57 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 33-інде ауру белгісі болған. Ең көп ауырғандар Петропавл қаласында - 27 адам.

Жалпы облыста 4 зертхана ПТР зерттеу жүргізеді. Пандемия басталғалы облыста КВИ-ға 213 216 зерттеу жүргізілді. Соның тек 4 пайызында ғана нәтиже оң болған. Ал кеше ПТР әдісімен 725 зерттеу жүргізілді.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір өңірдегі инфекциялық стационарлар 41 % ғана толық. 22 адам ауыр халде жатса, 41 адам қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар