СҚО-да пробация қызметінде есепте тұрғандар волонтерлер қатарына өтті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация қызметінде волонтерлікті дамыту бойынша жұмыстар атқарып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомство «Ақпарат және қоғамдық дамыту» КММ, СҚО әкімдігінің Ішкі саясат басқармасымен және СҚО волонтерлер клубымен бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен жұмыс істеуге волонтерлерді тарту бойынша бағдарлама әзірлеп, бекітті. Бұл бағдарлама пробация қызметінде волонтерлікті дамытуға бағытталған. Жауапты кураторлар болып пробация қызметінің басшылары тағайындалды.


Облыстың аумақтық пробация қызметтері «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен, волонтерлер клубтарымен және 1 колледжбен өзара ынтымақтастық туралы 14 меморандумға қол қойды. Жалпы бұл жұмысқа барлығы 153 волонтер тартылған, оның ішінде 41-і пробация қызметінің есебінде тұрған және оң мінездеме алған сотталғандар және 11-і жазасын өтеп шығып, сотталғаннан кейін де жаңаша өмір бастауға болатындығын өз ісімен дәлелдегендер.

«Негізгі іс-шаралар қайырымдылық акцияларын, спорттық жарыстарды өткізуге, «Біз біргеміз» жалпы республикалық акциясына қатысуға, сотталғандар мен халық арасында короновирустық инфекцияның алдын алуға және т.б.бағытталған. Пробация қызметінің қызметкерлері волонтерлермен және есепте тұрған сотталғандармен, көп балалы және тұрмысы нашар отбасыларға, зейнеткерлерге, мүгедектерге, қарт адамдарға көмек көрсетеді. Осындай іс-шараларды өткізу арқылы пробация қызметі тек мұқтаж адамдарға және қоғамға

ғана емес, ең маңыздысы сотталғандардың өздеріне, олардың қоғамға да пайдасын тигізе алатынын түсінуге көмектеседі», - дейді СҚО бойынша ҚАЖД Пробация қызметіне басшылық жасау бөлімшесінің бастығы Руслан Жүсіпов.


Жыл басынан бері пробация қызметтері еріктілермен бірге 30 астам отбасына көмек көрсетті. Оларға бірінші кезекте қажетті заттарды, азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді жеткізіп берді. Мәселен Ақжар ауданының пробация қызметі «Жастар бастамалары орталығы" КММ еріктілерімен бірге көп балалы отбасына қайырымдылық көмек көрсетті. Талшық ауылының тұрғыны, алты баланың анасы М.Закеноваға азық-түлік апарып берді.

Ал Петропавл қаласы пробация қызметінің қызметкерлері волонтерлер клубымен бірге пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған Валентина мен Галинаға барып, оларға заттар, азық-түлік және бірінші кезекте қажетті заттар түрінде материалдық көмек көрсетті.


Соңғы жаңалықтар