СҚО-да полицияның медициналық қызметі 3 мыңға жуық ПТР зерттеу жүргізді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полиция бастығы ведомстволық емханасы бар госпитальдің жұмысын және персоналдың коронавирустық инфекцияға қарсы күреске дайындығын бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомстволық медициналық қызметтің жұмысы СҚО Полиция департаменті бастығы Марат Төлебаевтыың ұдайы бақылауында. Бұл коронавирус инфекциясына қатысты қазіргі жағдайға да байланысты.

Өңірдің бас полицейі алдымен емханаға және госпитальдің терапиялық бөлімшесіне барды. Медициналық көмек көрсетуге қажет дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдарының жеткілікті екеніне көз жеткізді. Медициналық бөлімнің басшысы Сергей Федоров сатып алынған 4 оттегі концентраторын, теріге тигізбей пайдаланылатын 8 термометр мен пульсоксиметрлерді көрсетті.

Медициналық қызметкерлер сырқаттанғандардың үй-жайларын зарарсыздандырып, персоналды және емделушілерді термометриядан өткізеді. Полиция бөліністерінің әкімшілік ғимараттарының бақылау пунктерінде жеке құрамның температурасын өлшейді.

Марат Төлебаев коронавирустық инфекцияға тестілеу жүргізілетін және биоматериал алынатын фильтрациялық орынға барды. Бұл жұмыс аса өзекті, өйткені полиция қызметкерлері ауа райына қарамастан, блок-бекеттерде қызмет атқарады, қоғамдық тәртіпті сақтай отыра, көшелерді патрульдейді. Яғни, COVID-19 жұқтыру қаупі зор. Пандемия басталғалы жеке құрамға 2736 ПТР-зерттеу жүргізілді.

«...Пандемияның алғашқы толқынында медициналық қызметкерлеріміздің үлкен жауапкершілікпен беріле жұмыс істегенін атап өткім келеді. Қазіргі уақытта да олар полиция қызметкерлерімен иық тірестіре қызмет атқарып, сапалы медициналық көмек көрсетіп жатыр», - деп алғысын білдірді СҚО Полиция департаментінің бастығы.


Соңғы жаңалықтар