СҚО-да полиция кезең-кезеңімен цифрландыруға көшіп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан 500-ге жуық қылмыстық іс электрондық форматта тергелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде тәртіп сақшыларына қойылып отырған басты талап - жеделдік, мобильділік, ашықтық.

орай тергеушілер мен анықтаушылар электрондық форматта қылмыстық істерді тергеп жатыр. Оның басымдылығы көп.

Қылмыстық процеске қатысушылар қашықтан сотқа дейінгі тергеу материалдарымен танысып, бұрмалаушылыққа жол бермейді.

Әзірге компьютерлік бағдарламалармен, планшетпен, стилуспен жылдам әрі нақты жұмыс істеу аздап қиындық туғызған.

СҚО ПД бастығының орынбасары Еңбек Сембиннің айтуынша, облыстың полиция бөліністерінде 138 тергеуші мен 43 анықтаушы еңбек етеді.

Бүгінгі таңда қылмыстық істердің 80% электрондық форматта тергеледі. Өткен жылдың желтоқсан айында бұл көрсеткіш 51,3% құрады.

Жыл басынан полицияның барлық аумақтық бөліністері 603 қылмыстық құқық бұзушылықты Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізді, оның ішінде 481 іс электрондық форматта тергелген.

«Электрондық форматқа көші процестік құжаттарды беру және алу мерзімін азайтуға, процеске қатысушыларға қажетті ақпараттарды ұсынуда және бейнеконференцбайланыс режимінде жұмыс істеу есебінен уақыт пен ресурстарды қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, басшыға қылмыстық істі тергеу барысын бақылауына және қадағалау органымен тығыз іс-қимыл жасау кезінде онлайн-режимде нұсқаулар беруге қолайлы», - дейді Еңбек Сембин.

Бүгінгі таңда е-ҚІ модулінде нәтижелі жұмыс істеу үшін тергеушілер мен анықтаушыларға 130 жұмыс орны құрылды.

Жедел уәкілдер, ювеналдық полицейлер, учаскелік полиция инспекторлары және қылмыстық істер бойынша жиі жұмыс істейтін өзге де бөліністердің жұмысы үшін 90 жұмыс орны жабдықталмақ.

Осылайша солтүстікқазақстандық полиция цифрландыруды кезең-кезеңмен енгізбек.


Соңғы жаңалықтар