СҚО-да полицейлер жүргізушілерге хаттаманың орнына, сыйлықтар берді
2016 жылғы 30 желтоқсан 14:16

СҚО-да полицейлер жүргізушілерге хаттаманың орнына, сыйлықтар берді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл ІІБ жергілікті полиция қызметінің мамандары жолдағы жүргізушілерді келе жатқан жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Инспекторлар жүргізушілерді тоқтатып, хаттаманың орнына жадынамалар, ал жолаушы балаларға сыйлықтар сыйлады. Жыл бойы полицейлер ірі жедел-профилактикалық іс-шаралар мен акциялар кешенін өткізді. СҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Айтбаевтың айтуынша, басты мақсат - жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттардың алдын алу болып табылады.



Шалақын ауданында балалардың қатысуымен акция ұйымдастырылып, Сергеевка қаласының мектептерінде білім алатын оқушылар флешмоб өткізді. Түрлі-түсті кеудеше киген балалар полиция инспекторларымен бірге жол қозғалысының қатысушыларына ЖҚЕ сақтау тақырыбындағы брошюралар мен буклеттер таратты. 2016 жылдың 11 айында СҚО жолдарында 204 жол-көлік апаты тіркеліп, соның ішінде 36 адам қаза тапса, 261 зардап шеккен.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT