СҚО-да полицейлер жоғалып кеткен ер адамды бір айдан бері іздеп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер 27 жастағы ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Александр Ромашкин бір ай бұрын жоғалып кеткен. Оның жоғалғаны туралы туыстары хабарлаған. Ер адамды таныстары соңғы рет 31 тамызда көрген. Сол уақыттан бері оның қайда екені белгісіз.

Бұған дейін солтүстікқазақстандық полицейлер 37 жастағы петропавлдықты бір жылдан астам уақыт бойы іздеп, кейін оны М.Жұмабаев ауданынан тапқан. Ол ауылда жұмыс істеген, бірақ туыстарына бұл туралы хабарламаған.

«Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 132 із-түзсіз жоғалу фактісі тіркелген. Бір тәулікте 84 адам анықталды», - деді криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.

Сондай-ақ, ол жоғалғандарды іздеуге еріктілердің көмектесіп жатқанын айтты.

Барлығы 48 солтүстікқазақстандық іздестіріліп жатыр. Биыл соның ішінде 8-і жоғалған. Полицейлер із-түзсіз жоғалып кеткендер туралы қандай да бір ақпарат білетіндердің 102 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Автор:

Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар