Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.52 EUR 431.32
RUB 6.10 CNY 55.89
Jańalyqtar

СҚО-да полицейлер кәсіби мереке қарсаңында велошеру өткізді

2019 жылғы 20 маусым 03:53 917
Бөлісіңіз:
СҚО-да полицейлер кәсіби мереке қарсаңында велошеру өткізді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Қазақстан полициясы күні қарсаңында 100-ден астам адам қатысқан дәстүрлі велошеру ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, дәстүрлі велошеру үшінші жылдан бері өткізіліп келеді. Жарысқа биыл тәртіп сақшылары ғана емес, олардың отбасы мүшелері және полиция ардагерлері қатысты.

Жарысты үш аяқты велосипед, «самокат» мінген балалар ашып берді. Олардан кейін сайысты сәл ересек жасөспірімдер және веломектептің тәрбиеленушілері жалғастырды. Мәреде балаларға арнайы сыйлықтар берілді.


СҚО-да полицейлер кәсіби мереке қарсаңында велошеру өткіздіНегізгі велошеру «Динамо» спорт кешенінен басталды. Тәртіп сақшылары Петропавлдың Партизан, Жамбыл, Бөкетов және Астана сияқты орталық көшелерімен жүріп өтті.

«Спорт адамның денсаулығын қалыпта ұстауға көмектеседі. Дене шымырлығы- құқық қорғау органдарында еңбек ететін қызметкерлерге қойылатын негізгі талаптардың бірі. Жалпы, біз осы салауатты өмір салтын насихаттау арқылы тұрғындарды спортқа көбірек тартқымыз келеді», - деді велошеруге қатысқан ведомство басшысы Марат Төлебаев.


СҚО-да полицейлер кәсіби мереке қарсаңында велошеру өткіздіБұл күні Полиция департаменті басшысының орынбасарлары, басқармалардың басшылары велосипедке отырды. Төтенше жағдайларда адамдарды құтқарып, ерлік көрсеткен батыр-полицейлер және ведомствоның мәдени орталығының мүшелері, түрлі қызметтердің әйел басшылары жеке-жеке жүріп өтті.

Үш шақырымды бағындырған велошерушілерді тұрғындар Қазақстан Конституциясы көшесіндегі Полиция департаментінің әкімшілік ғимаратының қасында салтанатпен күтіп алды.

Ал Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы облыстық аппараттың бастамасын қолдап, бір күн бұрын 70 қызметкері қатысқан велошеру өткізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT