СҚО-да полицейлер есінен танып қалған адамды құтқарып қалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Полицейлер жүрегі ұстаған адамға жедел медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 8 шілдеде болған. «Петропавл-Петерфельд» автожолында кезекшілік етіп тұрған полицейлерге сағат 16.00 шамасында бір зейнеткер келіп, машинасында 45 жастағы туысының ес-түссіз жатқанын айтқан.

«Орманда ол есінен танды. Ауруханаға жеткізіп үлгермеймін бе деп қорықтым. Жол жиегінде тұрған патрульді машинаны көріп, полицейлерден жедел жәрдемді шақыруын өтіндім», - дейді 70 жастағы Николай Лысенко.

Тұрғынның айтуынша, полицейлердің арқасында сырқат 10 минуттың ішінде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қолына тапсырылды.

«Туысымды дәрігерлерге тапсырғаннан кейін тәртіп сақшыларына алғысымды білдіріп, есімдерін сұрадым. Бірі аға сержант Евгений Шилов, екіншісі - старшина Қанат Қапаров екен. Егер олар болмағанда жағдай өкінішпен аяқталар еді», - дейді Николай Лысенко.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушы полицейлерге алғыс жарияланды.

Соңғы жаңалықтар