СҚО-да полицейлер бір күнде жолда жүру тәртібін бұзудың 500-ден астам дерегін анықтады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акцияның алғашқы күнінің нәтижелері туралы СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлім етті. Іс-шараның мақсаты - жол-көлік оқиғаларының алдын алу, апат санын азайту. Басты назарда - жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтары, жолаушыларды тасымалдаудың қауіпсіздігі.

Трассаларға, елді мекендердің, қалалардың көшелеріне 130-дан астам бекет пен патруль шығарылды. Операцияның бірінші күні-ақ 13 мас жүргізуші ұсталып, 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

«Жүргізушілердің бірі қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Оны тексеру барысында бұған дейін мас күйде көлік жүргізгені үшін 3 жылға жүргізу құқығынан айырылғаны, ол мерзімнің әлі аяқталмағаны анықталды. Сондай-ақ жүргізушінің өзін-өзі ұстауы полицейлердің назарын аударып, сараптама оның есірткі пайдаланғанын көрсетті», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы.

Келесі бір жүргізуші, Қызылжар ауданының тұрғыны рұқсат беретін құжатсыз жолаушыларды тасымалдаумен айналысқан. Ол да мас күйде көлік басқарғаны үшін жүргізу құқығынан айырылған екен. Сондай-ақ полицейлер жылдамдықты асырудың 38, маневр жасау қағидаларын бұзудың -14, бағдаршамның қызыл белгісіне өтудің 17 фактісін анықтады.

Облыстың тәртіп сақшылары «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының бір күнінде ғана жолда жүру ережесінің 541 бұзушылығын анықтады.

Соңғы жаңалықтар