СҚО-да полицейлер аяздың күшеюіне байланысты алыс жолға шықпауды ескертті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында қатты аязға байланысты кеше барлық бағыттағы автокөлік жолдары жабылып, бүгін ғана ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір жолдарында патрульдік полицияның 15 экипажы қызмет атқарып жүр. Облыс аумағында бірнеше күннен бері өатты аяз, ауа температурасы 30 градустан төмендеді. Осыған байланысты 2 қаңтар сағат 17.00-ден бастап барлық бағыттағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді. Бүгін аяз сынғаннан кейін сағат 11.00-ден бастап жолдар ашылды. Алайда дизельмен жүретін көліктер мен қоғамдық көліктер үшін қала маңындағы тас жолдарда қозғалыс шектелген.

Полицейлер тәулік бойы жолдарда кезекшілік атқарып жүр. Демалыс күндері олар Daewoo автокөлігінің жүргізушісіне көмектесті. Тайыншаның тұрғыны отбасымен Смирнов елдімекенінен үйіне қайтып келе жатқан. Жолда оның көлігі сынып қалады. Көмекке бірден патрульдік полиция батальонының офицерлері Арман Оралов пен Дмитрий Кравченко көмекке келіп, машинаны аудан орталығына дейін сүйреп апарды. Прахтий отбасы аман-есен үйіне жетті. Көлікте 4 және 6 жастағы балалар да болған.

«Аяздан көліктің майы ағып кетті ғой деймін. Бірақ мен тіпті не болғанын байқап та үлгермедім, полиция қызметкерлері көмекке келді. Оларға көп рахмет», - дейді Роман Прахтий.

Полицейлер қатты аязда ұзақ жолға шығуды кейінге қалдыруды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар