СҚО-да полицейлер арасындағы жемқорлықтың алдын алу жолдары ұсынылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдық тергеушілер мен полиция анықтаушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді талқылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Еңбек Сембин соңғы жылдары еліміздің тергеушілері мен анықтаушылары жасаған жемқорлық қылмыстар туралы хабардар етті. Ол қазіргі тергеушілер мен анықтаушылар полицияның интеллектуалды элитасы болу керек екенін атап өтті. Олар тәртіптің бұзылуына, жемқорлыққа жол бермеуі тиіс.

Консультативтік-жиналыс органының төрағасы Жасұлан Ахметов полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жасау қажет деп санайды. Адамдар полицейлердің қалай жұмыс істейтінін, олардың табыстары мен жетістіктерін білуі керек.

Ж.Ахметовтың пікірінше, цифрландыру желісі бойынша жұмысты жалғастыру маңызды. Патрульдік полицейлердің бейнебелгілері үнемі жұмыс жасауы керек, сонда ғана олардың жұмысы ашық және бақылауда болады.

«Жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің арасында үнемі жүргізілуі қажет. Қызметкер олардың алдындағы жауапкершілікті сезінсе ғана, жемқорлық қылмыс жасамау керектігін ойланады», - дейді Ж. Ахметов.

Солтүстік қазақстандық полицейлердің қатарында 140 тергеуші, 34 анықтаушы, 46 криминалист жұмыс жасайды. Барлық заң бұзушлықтар мен қылмыстар олардың қолдарынан өтіп, процессуалдық шешім қабылданады.

Соңғы жаңалықтар