СҚО-да полиатлоннан ел чемпионаты басталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полиатлоннан ел чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда полиатлоннан өтіп жатқан ел чемпионатына республиканың 7 өңірінен келген спортшылар қатысқан. Олар бірнеше күн бойы спорттық көпсайыстың түрлерінен: ауыр атлетика, қашықтыққа ату, жылдамдыққа жүгіруден бәсекелеседі. Бүгін спортшылар шаңғы роллерімен сынға түсті.

Солтүстікқазақстандық Бекболат Тилевов облыстық құраманың мүшесі. 21 жастағы жігіттің көпсайысқа келгеніне 4 жыл. Соған қарамастан айтарлықтай нәтижесі бар. Ол көптеген облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы.

Тағы бір солтүстікқазақстандық спортшы Василий Подмогильный 61 жаста.

Василий полиатлоннан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.

«Спортшылар жақсы дайындықпен келген екен. Тартысты өтіп жатыр.

Жалпы 10 жылдан артық біздің құрама Қазақстан бойынша көпсайыстан көш бастап тұр. Биыл да жеңіске жететінімізге сенімдімін. Тек өңірде жаттығу үшін арнайы жолдар жоқ. Осы мәселе шешілсе, спорттың бұл түріне келушілер көбейер еді», - дейді Василий Подмогильный.

Жалпы бұл жарысқа 10 мен 75 жас аралығындағы спортшылар қатысуда.

«Жігіттер 10 км, қыздар 5 км, егде жастағы адамдар 3 км жолды жүгіріп өтеді. Жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр. Қатысушылардың ішінде 25 спорт шебері, оның ішінде 2 халықаралық дәрежедегі спорт шебері бар. СҚО-дан 2 құрама команда қатысуда», - дейді СҚО-ның бас жаттықтырушысы Александр Наумов.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар шаңғы роллерінен өтетін Әлем чемпионатына жолдама алады.


Соңғы жаңалықтар