СҚО-да «Парасаттылық мектебі» ашылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы жоғары оқу орнында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен «Парасаттылық мектебі» ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр. Бұған дейін Аққайың ауданының орталығы Смирнов елді мекенінде «Ашық әкімдік» фронт офисінің және Петропавл қаласында Қазақстандағы алғашқы «Antikor ortalygy» сервистік орталығының ашылуына қатысты.

https://kaz.inform.kz/news/sko-da-ashyk-akimdik-front-kensesi-ashyldy_a3587307

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу корпустарын аралап, «Парасаттылық мектебінің» ашылуында болды.

«Қоғамда сенім болғанда және сыбайлас жемқорлықпен барлығымыз жұмыла күрескенде ғана нәтиже болады. Әсіресе жемқорлықтың алдын алуға жастарды көптеп тарту қажет. «Парасаттылық мектебі» осы мақсатта жұмыс істейді», - деді Алик Шпекбаев.

Облыс басшылығы да мұндай мектептің көптеп ашылғанын қолдайды.

«Бүгін біз жергілікті университетте «Парасаттылық мектебін» ашу арқылы жемқорлыққа қарсы қозғалысты бастайтын жаңа формациядағы жастарды даярлаймыз. Жазда оқу орнының студенттері Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында «Парасаттылық мектебін» тәмамдады. Олар курс біткен соң академия филиалы сарапшыларының менторлығымен жобаларын қорғады. Осы жастарға сенім артамыз. Олар жоғары оқу орнында жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру керек», - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов.

Комплеанс-офицер Наталья Побежук академиялық адалдықты қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Оның сөзіне қарағанда, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Академиялық адалдық лигасын алғашқылардың бірі болып құрды. Университет 2018 жылдың 7 қарашасынан бастап республикадағы 12 университетпен қатар Лигаға мүше.

Айта кету керек, агенттік төрағасы оқу орнына бұған дейін де келген. Соңғы сапарында оған студенттердің өзіне-өзі қызмет көрсету орталығы, сондай-ақ «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі таныстырылды.

Соңғы жаңалықтар