+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

СҚО-да парамен ұсталған шенеунік 25 млн теңге айыппұл төлейді

2020 жылғы 13 шілде 21:04
Бөлісіңіз:
СҚО-да парамен ұсталған шенеунік 25 млн теңге айыппұл төлейді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Пара алды деп күдікке ілінген Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Батырбек Қалабаевқа қатысты Петропавл қалалық сотының үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда полиция командирі қоластындағыларды қорқытып, ақша алып отырған - агенттік Ұйғыр және Шиелі аудандық сотының судьялары пара алу күдігіне ілікті Аягөз қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ экс-басшысы жалпы сомасы 650 мың теңге шамасында жүйелі түрде пара алды деп күдіктелген еді.

Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, экс-шенеунік Ақжар ауданы Талшық елдімекеніндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу барысында пара алған. Сәуір айында жергілікті тұрғын басқармаға құрылыстың сапасыз жүргізіліп жатқанын айтып, шағымданған. Мердігерге қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп, оның өз жұмысын салғырт атқарғаны анықталды. Нәтижесінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олқылықтардың орнын толтыру туралы нұсқама беріледі. Қараша айында мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасына Ақжар аудандық прокуратурасынан тапсырыс беруші – аудандық құрылыс бөліміне қатысты тексеріс жүргізуге тапсырма түседі.

«Тексеріс жүргізуі тиіс мекеме басшысы Қалабаев ұялы телефон арқылы Ақжар ауданы әкімінің орынбасары Досымбековке қоңырау шалып, бөлімге тексеріс жүргізілетінін ескерткен. Сондай-ақ прокуратура хаты бойынша оған келіп кездесу қажеттігін айтқан», - делінген іс материалдарында.

Нәтижесінде іс-шара қолданбау үшін жылқының жарты етінің құны – 110 мың теңгеге келіседі.

2019 жылдың көктемінде Айыртау ауданы екі мектептің шатырына күрделі жөндеу жүргізбек болып конкурс жариялайды. Екі мердігермен және техбақылау жүргізетін компаниямен келісімге отырады. Нысандар жөнделіп, пайдалануға беріледі. Бірақ кейін прокуратура тексеріс барысында құрылыстың сапасыз жүргізілгенін анықтаған.

Қалабаев бұл жерде де істі өз пайдасына шешпек болады. Шенеунік білім бөлімі жетекшісі Кенжеболатовқа 250 мың теңге қарыз екен. Оны араға салып, техбақылау жүргізген компанияның заңгері Кисилевтен істі «оң шешу» үшін 250 мың теңге «сыйақы» сұратқан.

Үшінші жағдай Тайынша ауданы Макашевка елдімекенінде салынған механикаландырылған қырман құрылысына байланысты. Нысан иесі құрылысты рұқсат құжаттарсыз бастап кеткен. Ол жобалық құжаттарды жасап, іске қосуға рұқсат алып берем деген Авхадов деген жаңа танысының сөзіне сеніп қалған. Алайда ол қызметі үшін ақшаны алғанымен, өз міндеттемесін орындай алмаған. Авхадов танысы, сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасындағы бөлім басшысы Кенжеболатовтан көмек сұрайды. Нысанды іске қосу актісіне қол қою үшін 400 мың теңге бермек болады. Кенжеболатов бұл мәселені бастығы Қалабаевпен шешпек болады.

Биыл қаңтар айында Кенжеболатов басқарма басшысы Қалабаевтың кабинетінде Авхадовтан алынған параның бір бөлігі – 200 мың теңгені алдын ала келісім бойынша оған беріп жатқан кезде қолға түсті.

Қалабаев, Кенжеболатовпен бірге пара берген Киселев пен Авхадов та жазаға тартылды. Бәрі өз кінәсін мойындады.

Петропавл қалалық сотының үкімімен Қалабевқа алған парасынан 35 есе көп мөлшерде – 26,6 млн теңге айыппұл салынды. Қамауда және үй қамақта отырған уақыты ескеріліп, айыппұл мөлшері 25,6 млн теңгеге дейін қысқартылды.

Ал Кенжеболатов 21,5 млн теңге айыппұл төлейтін болды. Екі экс-шенеунік те мемлекеттік қызметте лауазымға тағайындалу құқығынан өмір бойына айырылды.

Пара берген Киселев пен Авхадов сәйкесінше 3,7 млн және 6 млн теңге айыппұл төлемек. Сот үкімі әзірше заңды күшіне енген жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT