СҚО-да пән олимпиадасының үшінші кезеңіне 500-ден астам оқушы қатыспақ

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жалпы білімдік пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі басталды. Оған өңірдің 528 оқушысы қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқушылардың республикалық олимпиадасы дарынды балаларды анықтау және дамыту, оқушылардың ғылыми білімге қызығушылығын арттыруды мақсат еткен. Дәстүрлі іс-шараның бұған дейін аудандық, қалалық кезеңдері өтіп, жеңімпаздар үшінші кезеңге жолдама алды.

«Республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі дәстүрлі форматта өтеді. Әр ауданда және қала бойынша тірек мектептер бекітілді. Петропавлда «БЭСТ» мектеп-гимназиясында, 1 қалалық It-лицейде, ЛОРД лицейінде және Әбу Досмұханбетов атындағы гимназияда өтеді. Көп адамды бір уақытта жинамас үшін іс-шара 22-26 ақпан аралығында өтеді», - дейді СҚО білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова.

Бұл жолы 9-11 кластардың 528 оқушысы 16 жалпы білімдік пәндер бойынша сынға түседі.

«Биыл алғаш рет өзін өзі тану пәнінен де олимпиада өткізіліп жатыр. Тағы бір ерекшелігі – балалар тапсырманы өздері «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталықтан компьютер және интернет арқылы жүктеп алады. Олимпиада таза өтуі үшін бақылау жүргізіледі және қазылар жұмысты қашықтан тексереді. Сол үшін арнайы штаб құрылған. Олимпиада нәтижесін «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының» сайтынан көруге болады. Аппеляция келесі күні ZOOM арқылы онлайн форматта жүргізіледі», - дейді Гүлмира Кәрімова.


Соңғы жаңалықтар